Астанада Қазақстан мен Иордания фармацевтика саласының өкілдері қатысқан сараптамалық сессия өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада Қазақстан мен Иордания фармацевтика саласының өкілдері қатысқан сараптамалық сессия өтті.

Талқылауларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, сондай-ақ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу мәселелерін, екі елдің реттеуші талаптарын үйлестіруді, өнім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасуды талқылады. Сондай-ақ өндірісті жергіліктендіру перспективалары мен фармацевтикалық өнімді бірлесіп сертификаттау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендіктерін растады және бірлескен жобаларды іске асыруға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ фармацевтикалық секторды реттеу мен дамыту бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеуге бағытталған ортақ жұмыс топтарын құру туралы уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/press/news/details/1058015?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version