Халықты алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына тіркеу науқанының басталғаны туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осы арқылы 2025 жылғы 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына азаматтарды тіркеу науқанының басталатыны туралы хабарлаймыз. Бұл тіркеу науқаны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №44 бұйрығымен бекітілген “Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына тіркеу қағидаларына” сәйкес жүргізіледі.

Тіркеу науқаны тек Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында медициналық қызмет көрсетуге үміткер, Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана жүргізіледі.

Азаматтарды АМСК ұйымдарына тіркеу олардың өтініші бойынша «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1058001?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version