Бүгін, 2025 жылғы 28 тамызда Ақмола облысында маңызды іс-шара өтті, телекөпір бойынша жалпы білім беретін мектептер базасында бір мезгілде 21 инклюзивті білім беру кабинеті ашылды.
Кабинеттердің ашылуына – Біржан Сал ауданында мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Асемгуль Сүлейменова, Атбасар ауданында Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Ибраев қатысты.
Кабинеттер Монтессори әдістемесі, интерактивті тақта, аяқ-қол моторикасын дамытуға арналған әртүрлі заттар, демалу бұрышы және психологиялық сүйемелдеумен жабдықталған.
«Жаңа инклюзивті білім беру кабинеттерінің ашылуы бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға және ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін сапалы білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді»,- деп атап өтті Асемгул Сүлейменова
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста инклюзивті білім берудің 126 кабинеті жұмыс істейді. Бұл кабинеттер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жалпы білім беру үдерісіне толыққанды қатыса алатын және әрбір бала үшін жайлы кеңістікке айналуға арналған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1058620?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау