Атырауда 16 жасқа толған жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктер тапсырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Конституцияға отыз жыл толуына орай Атырау қаласында 16 жасқа толған жасөспірімдерге алғашқы жеке куәліктерді табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. Алғашқы ресми құжаттарды жас азаматтарға тәртіп сақшылары табыстады.
 
– Жеке куәліктің алғаш рет берілуі – әрбір азаматтың өміріндегі маңызды қадам. Бұл жастардың құқықтық мәртебесін айқындап қана қоймай, олардың азаматтық жауапкершілігін күшейтуге бағытталған іс-шара. Жеке куәлік – тұлғаның жеке басын растайтын алғашқы ресми құжат. Ол ересектікке қадам басудың символы әрі өмірдің жаңа кезеңінің бастауы болып саналады. Осындай маңызды сәтте жасөспірімдеріміздің жанында болу біз үшін зор мәртебе, – деді тәртіп сақшылары.
 
Көші-қон қызметі жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, мемлекеттік рәміздер мен ресми құжаттарға деген құрметті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1058621?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version