«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлемнің жетекші агенттіктерінің бірі – S&P Global компаниясынан халықаралық ESG-рейтинг алды.
ESG-рейтингке қол жеткізу «Ақтөбе» ӘКК-нің тұрақты даму қағидаттарын енгізу және оларды жүйелі түрде сақтау ұмтылысын айқындайды. Бұл – нәтиже корпорация стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам. Стратегия ашықтықты, тиімділікті және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, сондай-ақ өңірге инвестиция тартуға бағытталған.
Бұған дейін «Ақтөбе» ӘКК дебюттік әлеуметтік облигацияларды шығару аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Жасыл қаржы орталығы (ЖҚО) жүргізген тәуелсіз сыртқы бағалаудан («екінші пікірден») сәтті өткен болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1059148?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау