Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы мөлтек ауданда орналасқан 20 көпқабатты тұрғын үйдің алдағы жылу маусымына дайындық деңгейін бақылады. Аралау барысында тұрғын үйлердің жылу жүйелерінің техникалық жағдайы, қазандықтардың дайындығы мен қызмет көрсетуші мекемелердің жұмысы жіті тексерілді.
Аудан әкімі нысандарды күтіп-ұстаушы және қызмет көрсетуші мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жылу беру маусымына дейін барлық дайындық жұмыстарын толық әрі уақытылы аяқтауды міндеттеді.
Аталған көп қабатты үйлерде жалпы саны 420 пәтер бар. Барлық пәтерлер жылу қазандығына қосылған. Қазіргі таңда 3 қазандық толықтай жұмыс режиміне дайын.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1059147?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау