Қазақстанда 25,8 млн тонна мал азығы дайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025–2026 жылдардың қыс маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 21,5 млн тонна шөп (жоспардың 88,1%-ы), 1,7 млн тонна сүрлем (101,4%), 1 млн тонна құрамажем (19,1%), 1,6 млн тонна сабан (33,1%) дайындалған.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (115,2%), Ақмола облысы мен Шымкент қаласында (100%), Жетісу облысында (99,5%), Қостанай облысында (97,7%) байқалады.

Азық дайындаудың көрсетілген көлемі ауыл шаруашылығы жануарларын толыққанды азықтандыруға, жоспарланған өнім көлемі мен төл алуына, сондай-ақ мал басының сақталуына мүмкіндік береді.

Жалпы республика бойынша мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1059035?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version