Түркістан облысының ғимараты Шымкент қаласының коммуналдық меншігіне алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының аумағында орналасқан Түркістан облысының коммуналдық меншігіндегі бірқатар ғимараттарды қаланың меншігіне қабылдау және оларды тиісті салалық мекемелердің пайдалануына беру бағытында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Бүгінгі күнге, облыс пен қаланың коммуналдық меншіктеріндегі мүліктерді бекітілген Жол картасына сәйкес қабылдау-өткізу іс-шаралары жалғасып келеді.

2025 жылғы тамыз айында облыстық коммуналдық меншіктен Әл-Фараби ауданында, Тәуке хан даңғылы №6 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимарат қаланың меншігіне қабылданып, аталған ғимаратқа:

  1. Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімінің аппараты;
  2. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы;
  3. Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы;
  4. Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы орналастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karzhy/press/news/details/1059036?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version