Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 26 тамыз күні сағат 10:00-де «Айналайын» сәбилер бақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «Жаңғырту бағытындағы ауыл мектебі, балабақша» тақырыбындағы әдістемелік алаңша ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық идеялармен бөлісу, тәжірибе алмасу және ауыл мектептері мен балабақшаларында білім беру процесін жетілдіру жолдарын бірлесе қарастыру болды.
Аталған іс шараға 5 балабақша, 21 мектептен 37 педагог қатысты.
Бағдарламаға сәйкес Рахымжанова Құндыз Мұратханқызы – Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері «Жасанды интеллектіні мектепке дейінгі білім беру ұйымында қолдану» тақырыбында мазмұнды дәріс оқып, нақты мысалдар мен құралдарды ұсынды. Бұл педагогтер үшін тың идеялар мен жаңа бағыттар берді.
«Айналайын» сәбилер бақшасы, «Айгөлек» бөбекжай бақшасы , Малыбай ОМ, Аққулы ОМ, Тлектес ОМ, Әйтей НББМ, Жамбыл ОМ, Қазы ОМ,Шарбақты ОМ, мектепке дейінгі білім беру педагогтары өздерінің іс-тәжірибелерімен алмасты.
«Болашақ» және «Айгөлек» бөбекжай бақшасының психологтері – педагогикалық мәселені шешуге арналған іскерлік ойын ұйымдастырды. Психологиялық қолдау көрсету тәсілдері талқыланды.
Бұл әдістемелік алаң педагогтердің кәсіби дамуында үлкен рөл атқарды. Қатысушылар жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, ауыл мектептері мен балабақшаларында білім беру сапасын арттыруға бағытталған практикалық дағдыларға ие болды.
Іс-шара барысында көтерілген тақырыптар бүгінгі мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін қамтып, келешекке нақты бағыт-бағдар берді.
Әдіскер Оразалинова С.Е.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1058048?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау