26 тамыз күні Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінде аудандық тамыз кеңесі аясында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Қоғамдық білім берудегі цифрлық трансформация үдерісі» тақырыбында секция жұмысы ұйымдастырылды.
🔹 Жаңа оқу жылының ерекшеліктері мен мақсаттары талқыланып,
🔹 «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы таныстырылды,
🔹 ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған мазмұнды баяндамалар оқылды,
🔹 Инновациялық әдістер мен жасанды интеллектті тарих сабақтарында қолдану жолдары ұсынылды,
🔹 Инклюзивті білім беру, этнопедагогика, цифрлық құзыреттілік мәселелері қамтылды,
🔹 Шебер-сыныптар өткізілді.
📌 Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, жаңа оқу жылына тың идеялармен қадам басты!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1058050?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау