Қазақстан Елшісінің Иордания Мәдениет министрлігіндегі кездесуі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Амман, 2025 жылғы 20 қазан – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Мәдениет министрлігінің Бас хатшысы (Министрдің орынбасары) доктор Нидаль Ибрагим Әл-Айасрамен кездесті.

Сұхбаттасушылар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, оның ішінде 2025 жылғы 27 тамызда Иордания Королі Абдалла II-нің Қазақстанға ресми сапары шеңберінде қол қойылған ҚР Президентінің Архиві мен Иордания Ұлттық кітапханасы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумда көзделген шараларды іске асыру жөніндегі шараларды талқылады. Осы тұрғыда шарттық-құқықтық базаны дамыту және жаңа меморандумдар дайындау, оның ішінде бірлескен жобаларды нақты жүзеге асыру қажеттілігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс деңгейіндегі диалогты қолдауға және ұсыныстармен жедел алмасуға дайын екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1089848?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version