Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары төрағаларының Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесуіне қатысты. Кездесуге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашов, мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, сондай-ақ Қызылорда облысы жұртшылығы да қатысты
Қызылорда облыстық мәслихаты Қазақстанның тұңғыш астанасының 100 жылдығына орай ұйымдастырған іс-шара өңіраралық тәжірибе алмасуға және өңірлік даму стратегияларын бірлесіп әзірлеуге арналған.
Жұмыс сапары аясында мәслихат төрағалары 11 мың көрерменге арналған «Қайсар Арена» жаңа заманауи стадионына барды. Үздік тәжірибелермен танысу мақсатында депутаттар «Kazakh Tourism» ҰК конкурсының қорытындысы бойынша Қазақстанның 5 топ туристік ауылына кірген Нага Ілиясов атындағы ауылда болды. Бүгінгі таңда ауыл инфрақұрылым, туризм және мәдени даму саласындағы озық ауылдардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары ауылда инфрақұрылымды абаттандыру және жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, көптеген әлеуметтік және мәдени нысандар салынуда.
Облыстық бюджет 851 млрд.теңгені құрайды, ал жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асқанын атап өту қажет. Соңғы үш жылда Қызылорда облысының экономикасына 1,6 трлн теңге инвестиция тартылған. 2022 жылдан бастап 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынған. Өңір тұрақты өсім мен әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін көрсетіп отыр.
Сапарды Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қатысуымен өткен салтанатты іс-шаралар, сондай-ақ Қызылорда облысында өткізілген Абай облысының мәдениет күндері қорытындылады.
«Қызылорда облыстық мәслихатына мазмұнды іс-шара ұйымдастырып, өңірлік саясаттың озық тәжірибелерімен және дағдыларымен алмасу мүмкіндігін тудырғаны үшін алғысымды білдіремін» – деп түйіндеді облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1089847?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау