Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы (Орынборға бағыт) республикалық автожолының 34 шақырым учаскесінде қозғалыс ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы (Орынборға бағыт) автожолының 54-84 км, 95-99 км аралығында орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің бөлігі саналатын республикалық маңызы бар жолдың орташа жөндеуі биылғы жылы басталды.

Бұл жол II техникалық санатына жатады және 13 жыл бұрын салынғанын атап өткен жөн.

Жоба мердігері – «АссанаДорСтрой» ЖШС. «Кеңсахара – Вознесеновка» және «Жайсаң – РФ шекарасы» ауылдары арасындағы жөнделген жол учаскесінің ұзындығы – 34 шақырым.

Жобаға сәйкес, жолдың төменгі қабатына ірі тасты асфальтбетон қоспасы – 4 км, үстіңгі қабатын щебень-мастикалық асфальтбетон қоспасы – 34 км төселді, фрезерленген материалмен жол жиектерін нығайту және барлық учаскеде жол белгілерін салу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, келесі жылы осы автожолда ұзындығы 7,5 км орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1093317?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version