Елордалық боксшы жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында елордалық боксшы Санжар Матасов қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға дейін жетті.

Бұл кезеңде Санжар Өзбекстан спортшысы Диёрбек Муродилоевпен кездесті.

Өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Матасов турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1094971?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version