2025 жылғы 23 қазанда Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тәуекелдерді мониторингілеу, талдау және бағалау бөлімінің басшысы О.А. Жүнісова Еуропалық одақтың қолдауымен «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ бірлесіп «Павлодар облысының Азаматтық альянсы «Қауымдастығы» іске асыратын «Денсаулық бақылаумен: талдау және ұсынымдар» жобасын іске асыру қорытындылары бойынша кеңеске қатысты.
Отырыс барысында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар мониторингінің нәтижелері ұсынылды. Қатысушылар медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халық денсаулығына әсері мәселелерін талқылады.
Департамент спикері қоршаған орта факторларының-атмосфералық ауаның, судың және топырақтың санитариялық — эпидемиологиялық мониторингінің нәтижелері туралы, сондай-ақ өңірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ): «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер», «Салауатты жұмыс орындары» және «Салауатты университеттер» халықаралық жобаларын іске асыру туралы ақпарат ұсынылды.
Бұл жобаларды іске асыру салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, аурулардың алдын алуға, халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
ДДҰ-ның халықаралық жобаларын кешенді енгізу ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыруға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1094970?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау