Біріккен ұлттар ұйымы дегеніміз не?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 25 қазанда бүкіл әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымының күні аталып өтті.

Бұл күн – адамзат тарихындағы ең маңызды халықаралық ұйымдардың бірі – БҰҰ-ның құрылуын ұлықтайтын мереке және ол тек бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау емес, сонымен қатар адам құқықтарын қорғаудағы БҰҰ-ның ерекше рөлін де еске салады. Бұл ұйымның бастамалары арқасында миллиондаған адам өз өмірін еркіндік пен қадір-қасиетке негізделген қоғамда өткізу мүмкіндігіне ие болды.

 

 БҰҰ дегеніміз не?

Біріккен Ұлттар Ұйымы – әлемдегі барлық дерлік мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым. Оның басты мақсаты – соғыстардың алдын алу, елдер арасында достық қарым-қатынас орнату, экономикалық және әлеуметтік дамуға жағдай жасау және ең бастысы – адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау.
БҰҰ ресми түрде 1945 жылдың 24 қазанында құрылды. Осы күні БҰҰ Жарғысы күшіне еніп, алғаш рет халықаралық деңгейде адам құқықтарын қорғау қағидалары бекітілді. Ұйымның бас кеңсесі АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласында орналасқан.

Мұнда адам құқықтарының сақталуын бақылап, оларға байланысты шешім қабылдайтын арнайы комитеттер мен кеңестер жұмыс істейді.

 

 Қазақстанның БҰҰ қызметіне қатысуы

Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызында тәуелсіз мемлекет ретінде БҰҰ-ның толыққанды мүшесі болды. Сол уақыттан бері еліміз ұйымның бейбітшілік, қауіпсіздік және адам құқықтарын қорғау бағытындағы бастамаларын белсенді түрде қолдап келеді.  Қазақстан 2017–2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және бейбіт тұрғындарды қорғау мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар, еліміз БҰҰ-ның түрлі құрылымдарымен қарусыздану, экология, білім, орнықты даму және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау салаларында тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Қазақстанда БҰҰ Даму бағдарламасы (ПРООН) мен Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы (УВКПЧ) жүзеге асыратын жобалар халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған және бұл ұйымдармен ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты тығыз байланыста.

Бүгінгі таңда БҰҰ – бейбітшілік пен әділдікке, адам құқықтарына құрмет көрсетуге негізделген жарқын болашақтың нышаны болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/1096314?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version