Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аудандық бюджеттік комиссияның отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Жиын барысында «2025–2027 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасын нақтылау» мәселесі қаралды. Комиссия мүшелері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған негізгі басымдықтарды талқылап, қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына қатысты ұсыныстарын білдірді.
Аудан басшысы бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар мен ескертпелерді назарға алып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1096313?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау