Ағымдағы жылдың 30 қазанында Есіл ауданының әкімі Серік Балжанов «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Серікбай Құсаиновтың қатысуымен отырыс өткізді.
Кездесу барысында 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі орақ жұмыстарына арналған «Кең-Дала 2» бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілген несие қаражатын қайтару мәселелері қаралды.
Сондай-ақ бағдарлама іске асырылуы мен ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен өзара іс-қимылға қатысты ағымдағы мәселелер талқыланды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil/press/news/details/1097255?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау