Әке өнегесі – ұлт болашағының негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Павлодар ауданының Бірлік жалпы орта білім беру мектебінде «Әке – отбасының тірегі, бала – болашақтың жүрегі» атты аудандық әкелер форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты – әке рөлінің қоғамдағы, отбасындағы маңызын арттыру, адамгершілік құндылықтарды әке өнегесі арқылы насихаттау, отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге әкелерді жұмылдыру және мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты күшейту.

Аталмыш форумға Павлодар ауданының әкімі Дидар Ибраев қытысып, балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, отбасы, мектеп, жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, бала бойында тәртіп, жауапкершілік, еңбекқорлық, жайлы әкелермен ой бөлісті.

Сондай-ақ, «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің өңірлерді дамытушы координаторы Хызыр Жанарыс, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақытбек Баткеев, Бірлік ауылының ел ағасы – Кәрібаев Мұрат Тоқанұлы, Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Педагогика және психология БББ оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистірі, РҺD докторанты – Арай Рахимжанова қатысып, әке туралы құнды ойларын ортаға салды.

Аталған форумға Павлодар ауданының маслихат депудаттарының төрағасы, Жанат Шұғаев, білім беру бөлімінің басшысы Жеміс Дүйсекенова, «Сенімен Болашақ» облыстық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің басшысы Перизат Құрманәліқызы, Павлодар ауданының Кемеңгер ауылының әкелер төрағасы Уалиханов Данияр Мейрамұлы және Павлодар ауданының 22 мектебінен әкелері қауымы қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1151609?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version