Бүгін, 28 қаңтар күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтармен кездесу өтті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы төрағалық етіп, тиісті мекеме мен бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды толғандыратын әлеуметтік мәселелер, қолдау тетіктері мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы кеңінен талқыланды.
Қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен сұрақтар қойылып, жауапты сала басшылары нақты жауаптар берді. Кездесудің басты мақсаты – азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру, өзекті мәселелердің оң шешімін табуға ықпал ету болды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, көтерілген мәселелер бақылауға алынатыны айтылды.
Мұндай кездесулер – қоғамдағы өзара түсіністікті арттырып, азаматтардың үнін тікелей естуге мүмкіндік беретін маңызды алаң. Осындай жүздесулер мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігіне ортақ жауапкершілік пен сенімге негізделген тиімді жұмыстарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Құбаева Нұрайлым
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1151608?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау