Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында ұжымның жиналысы өтті, онда Әдеп жөніндегі уәкіл Д. Амринов ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің баптарын атап өтті, сол баптар бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жай-күйіне талдау жүргізеді (434, 439, 440, 440-1, 441, 443, 444, 445, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613 кодекстің баптары).
Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттік қызметшілер жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, олармен профилактикалық жұмыс жүргізілуі немесе олардың тәртіптік жауапкершілігін қарау жүргізілуі мүмкін.
Айта кету керек, Кодекстің мониторингке арналған баптарының тізбесі жыл сайын өзгеруі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-nkn/press/news/details/1150727?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау