Балаларыңыз бен немерелеріңіз қазақ тілін ойын арқылы үйренсін десеңіздер, «Steppe Rider» ойынын жүктеп алыңыздар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ойын арқылы тіл үйренуші сөздік қорын молайтып, сөйлеу дағдысын жетілдіре алады.

Steppe Rider – раннер мен викторина элементтері үйлесімі арқылы қазақ тілін ойын элементтері арқылы үйренуге арналған жоба.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік тілді оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында компьютерлік «Steppe Rider» ойынын әзірледі.

Ойынның сюжеті мен интерактивті тапсырмалары А1-А2 деңгейлері аралығындағы қазақ тілінің лексика-грамматикалық минимумына негізделген. Тіл үйренуші ойындар арқылы сөздік қорын молайтып, сөйлеу дағдысын жетілдіре алады.

«Steppe Rider» ойыны барысында ойыншы қар барысымен бірге саяхат жасап, тапсырмаларды орындайды, әріптер мен сөздерді жинайды, жаңа тақырыптар мен деңгейлерді ашады.

Ойынның ерекшеліктері:

Сөз құрастыру тапсырмалары бар динамикалық раннер.

Аударма және тыңдалымға арналған викториналар.

Қиындық деңгейлері: жеңіл, орташа және күрделі.

Барсик – сіздің көмекшіңіз әрі ынталандырушыңыз.

Жетістіктер жүйесі, рейтингтер және ойын ішіндегі валюта – асықтар.

Тақырыптық модульдер: отбасы, табиғат, жануарлар, тағам және тағы басқа.

Steppe Rider балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған.

Жарқын визуалды стиль мен ұлттық нақыштар оқуды жеңіл әрі қызықты етеді, ал ойын процесі тіл үйренуді нағыз шытырман жарысқа айналдырады.

Қосымша Google Play және Apple App Store платформаларында қолжетімді.

https://play.google.com/store/apps/details…

https://apps.apple.com/kz/app/steppe-rider/id6755038241

https://store.steampowered.com/app/4065480/Steppe_Rider/…

Ойын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген.

#қарағандытілдердідамытубасқармасы #тілкомитеті #мемлекеттік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1150743?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version