Аудан әкімінің Шақпақ ауылдық округінің халқымен кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі тұрғындармен кездесіп, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым және өзекті мәселелер талқыланды. Жиын барысында Шақпақ ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Балтабаев атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

 Демеушілік есебінен жүзеге асқан игі істер:

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойында Шақпақата ауылына бұрылатын жол тұсына округ атауы жазылған еңселі стела орнатылды;

2005 жылғы мектеп түлектерінің демеушілігімен орталық мешітке заманауи тазалық орны салынды, ауласы абаттандырылып, асханаға жөндеу жұмыстары жүргізілді;

50 жылдық түлектер орталық мешіт ауласына 20 түп шырша отырғызды;

«Туған жерге тарту» жобасы аясында Т.Дүйсебайұлы ауылында жаңа балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Жылдық жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар:

«Таза Қазақстан» жобасы аясында Шақпақата ауылының кіреберісінде 1,1 гектар “Жасыл белдеу” жасалды;

Ардагерлерге арналған монументтер жаңартылды;

Шақпақата ауылында 1,9 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды;

Заманауи кіші футбол алаңы пайдалануға берілді;

Ойын алаңдарының қоршаулары жаңартылып, түнгі жарық шамдары орнатылды;

Т.Дүйсебайұлы ауылындағы көшелер толық асфальтталды;

Бірқатар ауылдарда көше жарықтандыру жұмыстары жүргізілді;

Елді мекендерге жоғары жылдамдықты интернет тартылуда;

Қыс мезгілінде қар тазалау жұмыстары жүйелі жүргізілді.

 Аудан әкімі көтерілген мәселелер бақылауда болатынын және заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy-shakpak/press/news/details/1151978?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version