«Салауатты жұмыс орындары»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Салауатты жұмыс орындары» жобасының негізгі бағыттары

Қызметкерлердің денсаулық жағдайын және еңбек жағдайларын бағалау

Мақсаты: Жұмыс ортасына байланысты негізгі проблемалар мен денсаулық тәуекелдерін анықтау.

Іс-шаралар:

  • Қызметкерлерге сауалнама жүргізу;
  • Сырқаттанушылық, жарақаттану, кәсіби тексеру нәтижелері туралы деректерді жинау;
  • Еңбек жағдайларын талдау-санитарлық-гигиеналық факторлар, жарықтандыру, микроклимат, жабдықтың қауіпсіздігі;
  • Жұмыс орнының профилін және жиынтық кестелерді қалыптастыру.

Нәтижесі: әр кәсіпорында денсаулық және еңбек жағдайлары туралы мәліметтер базасын құру.

Аурулардың алдын алу және қызметкерлердің денсаулығын нығайту

Мақсаты: ауру деңгейін төмендету және қызметкерлердің әл-ауқатын жақсарту.

Іс-шаралар:

  • Вакцинацияларды, профилактикалық тексерулер мен скринингтерді ұйымдастыру;
  • Тамақтану, физикалық белсенділік, стрессті азайту бағдарламалары;
  • Денсаулық күндерін, темекі шегуден бас тарту және дене салмағын бақылау акцияларын өткізу;
  • Ақпараттық материалдарды тарату (плакаттар, жадынамалар, денсаулық бұрыштары).

Нәтижесі: жұмыс орындарында денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Қауіпсіз және қолдау көрсететін өндірістік ортаны құру

Мақсаты: зиянды және қауіпті факторларды барынша азайтатын еңбек жағдайларын қамтамасыз ету.

Іс-шаралар:

  • Желдетуді, жарықтандыруды, микроклиматты жақсарту;
  • Шу, діріл, шаң, химиялық заттарды бақылау;
  • Қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ)қамтамасыз ету;
  • Санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз ету (таза су, демалыс бөлмелері, душ, асхана).

Нәтижесі: санитарлық және еңбек нормаларына сәйкестігі, кәсіби тәуекелдердің төмендеуі.

 

«Алтынсарин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы А.Ж. Әлмағанбет

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/press/news/details/1150874?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version