Бұрын сотты болған және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылған ер адам қайтадан есірткілік мас күйде көлік тізгіндеген

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет атқару барысында Renault Sandero маркалы автокөлікті тоқтатып, оның 55 жастағы азаматтың басқаруында болғанын анықтады.

Тексеру барысында жүргізушінің 2021 жылы көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылғаны белгілі болды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адам каннабиноидтарды қолдану салдарынан есірткілік мас күйде болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1150480?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version