
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет атқару барысында Renault Sandero маркалы автокөлікті тоқтатып, оның 55 жастағы азаматтың басқаруында болғанын анықтады.
Тексеру барысында жүргізушінің 2021 жылы көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылғаны белгілі болды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адам каннабиноидтарды қолдану салдарынан есірткілік мас күйде болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1150480?lang=kk

Жауап қалдыру