Петропавл қаласында «Бұл махаббат» атты жаңа жылдық лирикалық комедияның түсірілімі бастау алды. 26 қаңтар — картинаның алғашқы түсірілім күні. Қазіргі уақытта шығармашылық топ қала аумағындағы бірнеше локацияда жұмыс жүргізіп жатыр. Фильмге қазақстандық танымал актерлер қатысуда, олардың қатарында басты рөлдердің бірін сомдайтын актер Азамат Сатыбалды да бар. Жобаны жүзеге асырушылардың жоспарына сәйкес, фильм 2026 жылдың соңына қарай көрерменге жол тартады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-madeniet/press/news/details/1150489?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау