Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Біркөлік және Ақмешіт шатқалдарына әзірленіп жатқан егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша жиын өтті. Маңызды кездесуге Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов және Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қуаныш Асанов қатысты.
Жиын барысында шатқал аумақтарын кешенді дамыту, туристік әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды кезең-кезеңімен қалыптастыру, сондай-ақ табиғи ландшафтты сақтау мәселелері жан-жақты қаралды. Жоспар жобасына қатысты бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жобаның сапалы әрі уақытылы іске асырылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беретінін атап өтті.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау