Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бүгінгі жәрмеңкеге Мәртөк, Ырғыз және Шалқар аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен қатар Ақтөбе қаласының кәсіпкерлері де өз өнімдерін ұсынды. Сауда сөрелеріне жалпы 2 тонна ет өнімдері, 1,2 тонна сүт өнімдері қойылды. Оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушыларының өнімдері де бар. Ақтөбеліктер тауарларды нарықтағы бағадан 15–20 пайызға төмен бағамен сатып алды.
Облыстың ауыл шаруашылық басқармасының мәліметінше, мұндай жәрмеңкелер өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынуға жағдай жасайды. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бағаны тұрақтандыруға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1152108?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау