Тағайындау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өкімімен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып Ануар Умбеталиев тағайындалды. Ол соңғы үш жыл бойы облыстық «Халық шығармашылығы»орталығын басқарып, өңірдің мәдени әлеуетін дамытуға және шығармашылық бастамаларды қолдауға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асырды.

Сондай-ақ, 2017-2022 жылдары «Алматы қаласының музейлер бірлестігі» КМҚК директорының орынбасары, кейін директоры қызметтерін атқарған. 2022-2023 жылдары Алматы облысының музейлер бірлестігін басқарды.

Ануар Мұхтарханұлы 1985 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары: 2007 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген, ал 2017-2019 жылдар аралығында «Қайнар» академиясында «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1152105?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version