Ақтөбеде базар аумағында алаяқтық жасады деген күдікпен әйел ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полицияға Ақтөбе қаласындағы Орталық базардың сатушыларынан бірнеше арыз түсті. Олардың айтуынша, белгісіз әйел тауар үшін сувенирлік купюралармен есеп айырысқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Қостанай облысының 48 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жеке тінту кезінде күдіктіден номиналы бес және он мың теңгелік сувенирлік купюралардың бір бумасы тәркіленді. Анықталғандай, күдікті аязды ауа райын және сатушылардың қырағылығының төмендеуін пайдаланып, тауар сатып алып, қайтарым ақша алған.

Аталған дерек бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктінің төрт алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды, сондай-ақ оның Ақтөбе қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1152085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version