Ақтөбеде пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер қамауға алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 21 қаңтарында белгісіз адамдар Ақтөбе қаласында орналасқан жеке үйлердің біріне жасырын кіріп, үй иелеріне тиесілі зергерлік бұйымдар мен бірнеше ұялы телефонды ұрлаған. Жәбірленушілерге келтірілген залал сомасы 800 мың теңгеге жуық.

Осы дерек бойынша криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды. Ұсталған ер адамдардан ұрланған затта рдың бір бөлігі тәркіленді.

Тергеп-тексеру барысында күдіктілер кінәсін мойындады. Олардың тұрғын үйге күндіз үйде адам жоқ кезде пластикалық терезені итеріп ашу арқылы кіргені белгілі болды.

Ұсталғандар бұған дейін де осындай қылмыстарды жасағаны үшін сотталғанына қарамастан, өздеріне тиісті қорытынды жасамай, қылмысқа қайта барған.

Тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық заңнамаға сәйкес, олар мүлкі тәркілене отырып, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен қатар, ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1152086?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version