Жобаны іске асыру қаланың қарқынды дамуы мен тұрғын үй құрылысының кеңеюі аясында күшейіп келе жатқан жылу және электр энергиясы тапшылығын жоюға бағытталған.
Энергетика саласы мамандарының бағалауынша, қосымша жылу көзінің қажеттілігі бүгін ғана емес, әлдеқайда ертерек қалыптасқан. Қолданыстағы Өскемен ЖЭО 2000-жылдардың басында-ақ шекті жүктемелермен жұмыс істеген, ал тұтыну шарықтаған кезеңдерде станция қуаты әрдайым тұрақты жылумен қамтуды қамтамасыз ете бермеген.
Шығыс Қазақстан энергетикасының ардагері Виктор Недовесовтың айтуынша, қолданыстағы ЖЭО-ны кеңейту кезеңінде-ақ мемлекеттік сарапшылар қаланың сол жағалау бөлігінде жаңа станция салудың орынды екенін атап өткен. Мұндай тәсіл аумақтық дамудың болашағын және жүктемелерді біркелкі бөлу қажеттілігін ескере отырып, стратегиялық тұрғыдан негізделген деп қарастырылған.
ЖЭО -3 құрылысы энергиямен қамтудың сенімділігін арттырып, қуат резервін қалыптастыруға және жылу ағындарын басқаруды икемді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба заманауи технологиялық шешімдерді қолдануды көздейді, бұл экологиялық жүктемені азайтып, қаланың энергетикалық жүйесінің жұмыс режимдерін оңтайландыруға жағдай жасайды.
ЖЭО-3 Өскемен қаласының энергетикалық инфрақұрылымын ұзақ мерзімді дамытудағы негізгі нысандардың біріне айналып, халық саны мен қала экономикасының одан әрі өсуін ескере отырып, тұрақты жылумен қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1152080?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау