Көлік министрлігінде жасанды интеллектті қолдану мәселелері бойынша семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыружәне жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған байланысты Көлік министрлігінде «Жасанды интеллектті пайдалану арқылы жұмыс тиімділігін қалай арттыруға болады?» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара аясында Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» РМК комплаенс-қызметінің қызметкері Даниев Нұрлан Серікұлы дәріс оқыды.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге NotebookLM жасанды интеллект платформасының функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды, атап айтқанда:

құралды қолдану арқылы жұмыс процесстерін оңтайландыруда;

мәтіндік ақпараттың ауқымды көлемін талдау және өңдеу;

негізгі тезистерді жүйелеу және материалдарды реттеу.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің қызмет барысында жасанды интеллект құралдары мен заманауи цифрлық шешімдерді қолдану бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

 

 
 
 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1152077?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version