
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыружәне жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған байланысты Көлік министрлігінде «Жасанды интеллектті пайдалану арқылы жұмыс тиімділігін қалай арттыруға болады?» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара аясында Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» РМК комплаенс-қызметінің қызметкері Даниев Нұрлан Серікұлы дәріс оқыды.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге NotebookLM жасанды интеллект платформасының функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды, атап айтқанда:
– құралды қолдану арқылы жұмыс процесстерін оңтайландыруда;
– мәтіндік ақпараттың ауқымды көлемін талдау және өңдеу;
– негізгі тезистерді жүйелеу және материалдарды реттеу.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің қызмет барысында жасанды интеллект құралдары мен заманауи цифрлық шешімдерді қолдану бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1152077?lang=kk

Жауап қалдыру