Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуге өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №127 бұйрығымен бекітілген Аккредиттеуді өткізу қағидаларының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 2 ақпаннан 13 ақпанға дейін (қоса алғанда).
Аккредиттеу рәсімі келесі кезеңдерді қамтиды:
Аккредиттеу комиссиясының материалдарды қарауы: 15 жұмыс күні.
Аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе уәжделген бас тартуды ұсыну: 5 жұмыс күні.
Байланыс тұлғасы:
Сайділла Бексұлтан Бауыржанұлы – Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының корпоративтік басқару және жиынтық талдау бөлімінің бас маманы.
Телефон: +7 (7172) 550-443
E-mail: b.saidilla@astana.kz
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту туралы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1152199?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау