Индер ауданында 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл жобалар арқылы 62 адам жұмыспен қамтылатын болады. Соңғы екі жылда ауданда 31 инвестициялық жоба іске асырылды. Жалпы инвестиция көлемі 3,2 млрд теңгені құраса, үш жобасы Ұлттық пулға енгізілді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Индер ауданы әкімінің орынбасары Артур Мурзиннің сөзінше, 2025 жылы Индер ауданына 36 млрд теңге инвестиция тартылып, жоспар 16% артығымен орындалды. Инвестиция өсімі 25 пайызды құрады. Жыл ішінде 18 жоба іске қосылып, 42 жұмыс орны ашылды. Ауданда 2 мыңнан астам ШОБ субъектісі жұмыс істеп, онда 3 мыңнан артық адам еңбек етеді. Бюджетке түскен салық көлемі 2,1 млрд теңгені құрап, 13,4 пайыз артты.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 7,9% өсіп, жалпы өнім 13,4 млрд теңгені құрады. Ауданда 1400 гектарға жуық жерге егін егіліп, су үнемдеу технологиялары қолданылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары тұрақты бақылауда болып, 54 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Бүгінде Индер ауданында 455 шаруа қожалығы тіркелген. Мал саны 138 мыңнан асып, 7,9% өсім көрсетті. Асыл тұқымды мал үлесі — 2,1 пайыз. Мал азығы қоры толық қамтамасыз етілген. Балық шаруашылығы аясында 6 гектарда 15 мың балық шабағы өсірілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1152200?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version