Дүниежүзілік сайлау күніне орай
Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Рамазанұлы
№131 учаскелік сайлау комиссиясының құрамымен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізді.
Кездесу барысында сайлау процесін ұйымдастыру, заң талаптарының сақталуы, учаскелік комиссия мүшелерінің жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды. Ашық пікір алмасу алаңында өзекті сұрақтар көтеріліп, тәжірибе бөлісу жүзеге асты.
Мұндай іс-шаралар сайлау жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-isatai/press/news/details/1152944?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау