САУРАНДЫҚ КОМПОЗИТОР ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА І-ОРЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Келес ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақтың көрнекті ақыны Тоқаш Бердияровтың 100 жылдығына арналған “Келестің ыстық топырағын-ай” облыстық композиторлар байқауында Сауран ауданының намысын қорғаған композитор Шерхан Әлібеков жүлделі I-орынға ие болды.
Аталған өнер додасы ұлттық рухты дәріптеп, отандық өнердің биік деңгейін айқындаған тағылымды шара ретінде жоғары бағаланды. Шерхан Әлібеков байқауда поэзия мен әуенді шебер үйлестіріп, ұлттық болмыс пен терең сезімді музыка тілі арқылы көркем жеткізе білді.
Сауран аудандық әкімдігі жеңімпазды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық жолына толағай табыс, тың туындылар мен биік белестер тілейді. Еліміздің руханиятын байытып, ұлттық өнердің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарымыздың жетістігі – аудан мерейін өсіретін зор қуаныш.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1152322?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version