Жиенәлі ауылдық округінде шаруа қожалық пен ауыл тұрғындарының арасында «TortTulik Mobile» мобильді қосымшасын пайдалану кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде.. Бүгінде қосымша төрт түлік малды тіркеу мен ветеринариялық қызметтерді онлайн форматта алуға мүмкіндік беретін тиімді құралға айналып отыр.
Ауылдық округтің және ветеринариялық мамандар әр ауланы аралап, тұрғындарға «TortTulik Mobile» қосымшасын орнату және мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда ауылдық округтің 70 пайызы «TortTulik Mobile» қосымшасына тіркелді. Алдағы уақытта «TortTulik Mobile» қосымшасына толықтай тіркелетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1152323?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау