Дүниежүзілік сайлау күніне орай ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік сайлау күні аясында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен «Мүгедектігі бар адамдардың сайлауға қатысуына жағдай жасау, тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – сайлау процесіне барлық азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың тең дәрежеде қатысуына қолайлы жағдай жасау, сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыру және осы бағыттағы талаптармен учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін кеңінен таныстыру болды.

Іс-шара барысында сайлау учаскелерін мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді етіп жарақтандыру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, пандустардың болуы, кіреберіс жолдардың ыңғайлылығы, дауыс беру кабиналарының қолжетімділігі, ақпараттық материалдардың түсінікті форматта ұсынылуы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл талаптар қатысушыларға арнайы жаднама кітапшалар арқылы және слайдтық таныстырылым көмегімен егжей-тегжейлі түсіндірілді. Ақпараттық кездесу барысында қатысушылар мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, оларға қоғам өміріне толық тарту-ортақ міндет екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде аудан орталығындағы сайлау учаскелерінің шекараларын ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өзгерту жоспарланып отырғаны туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1154885?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version