Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі келісімге қол қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      2026 жылдың 4 ақпанында Қордай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мен Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

       Аталған құжат мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық әрі тең дәрежеде іске асыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың сайлау процесіне тең және кедергісіз қатысуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

     Келісімге Қордай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев және Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Елеусізова қол қойды.

     Келісім Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мен уәкілетті министрлік бекіткен Жол картасын іске асыру шеңберінде бекітілген аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

     Бұл ынтымақтастық тек бірлескен қызмет бағыттарымен шектелмей, іскерлік байланыстарды нығайтуға, өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және оны одан әрі дамытуға негізделген.

     Келісім аясында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарына қатысты өзекті мәселелер бойынша ақпарат алмасу, кездесулер мен бірлескен кеңестер өткізу, сондай-ақ осы бағыттағы өзара іс-қимыл шараларын жүзеге асыру көзделген.

 

Қордай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/news/details/1154884?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version