Жарқайың ауданының прокуратурасы оқушылар үшін «Прокурор сағатын» өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 «Заң мен тәртіп» жобасын іске асыру аясында Жарқайың ауданының прокуратурасы Крупская атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары үшін «Прокурор сағатын» өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға есірткі құралдарын қолданудың, сондай-ақ «закладкаларға» қатысудың құқықтық салдары және заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Дәріс барысында есірткі заттарының жасөспірімдердің денсаулығы мен өміріне тигізетін зиянына, есірткі құралдарын сақтау және тарату үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы әрекеттерге тартудың алдын алу тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, прокуратура өкілдерінен заң талаптарын сақтау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша түсіндірмелер мен ұсыныстар алды.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1155011?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version