«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы 2026 жылғы 6 ақпаннан бастап Жетісай ауданының ХҚКО бөлімі тұрғындарды жаңа мекенжай бойынша қабылдайтынын хабарлайды: Жетісай қаласы, Әуезов көшесі, 110 А.
Атап өтейік, ХҚКО бөлімі қызмет алушыларды дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз қабылдайды. Сенбі және жексенбі — демалыс күндері.
Бұған дейін аудан тұрғындарына қызметтер Жетісай қаласы, Дайрашев көшесі, 33 мекенжайында орналасқан ғимаратта көрсетілген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1155012?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау