«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясының кеңсесінде облыс әкімінің орынбасары Абзал Абдикаримов Beijing Jynai Yannfang Holding Group қытай компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ өңір аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады. Инвесторларға арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымдық әлеуеті, қолданыстағы жеңілдіктер мен қолдау тетіктері таныстырылды.
«Ағымдағы жылдың қаңтар айында Бейжің қаласында компания басшылығымен жұмыс кездесуі өтіп, ықтимал ынтымақтастық бағыттары жан-жақты талқыланған болатын. Бүгінгі кездесу — сол келіссөздердің жалғасы әрі нақты инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктерін пысықтауға бағытталған маңызды қадам», — деді облыс әкімінің орынбасары Абзал Абдикаримов.
Тараптар алдағы кезеңде бірлескен инвестициялық жобаларды пысықтау және оларды өңірде іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1155735?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау