Жітіқара ауданында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, бірлік пен бейбітшілік сақтау мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №4 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларымен кездесу болып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында Жітіқара ауданы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Ақсақалдар кеңесінің, этносаралық қарым-қатынас мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі О.В.Бурушпаева этностар мен діни конфессиялар арасындағы бейбітшілік пен өзара құрмет нығайтуының маңыздылығын атап өтті. Ол келісім мен бірлік – Қазақстанның тұрақтылығы мен болашағының негізі деп белгіледі.

Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі А.К. Адибаев діни сауаттылық мәселелерін, оның ішінде мемлекеттің зайырлы қағидаттарын,  деструктивті діни ағымдардың белгілері мен қауіп-қатерлерін түсіндірді.

Кездесу соңында ұлтаралық және конфессияаралық келісімге әсер етуі мүмкін арандатушылықтарға жол бермеу қажеттілігіне назар аударылып, әлеуметтік желілерде сақ болу, экстремистік идеялардың ықпалына түспеу үшін тек шынайы ақпаратты пайдалану маңыздылығын белгіленді.     

https://youtube.com/shorts/uu8YKRGIGp0?feature=share

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1155734?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version