«Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті»: Астанада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласындағы №51 мектеп-гимназиясында «Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» атты IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Негізгі мақсат – қазақтың біртуар ұлы Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметін, идеялық мұрасын кең көлемде тарату. Сондай-ақ, қайраткердің тұлғалық болмысын ашуда отандық және шетелдік ғалымдар арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту.

«Халықаралық конференция жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Жылдағыдай биыл да шетелдік ғалымдар қатасып жатыр. Оның ішінде Әзербайжан, Түркия, Германия, Өзбекстан мемлекеттерінен ғалымдар онлайн форматта қатысады. Жалпы, конференцияда 150 қатысушы бар. Іс-шара онлайн және оффлайн түрінде сессиялар бойынша өткізіледі. Былтыр конференцияға мектеп оқушыларын тартсақ, биылғы ерекшелік – колледж бен жоғарғы оқу орнының студенттерін қосып отырмыз. Сонымен қатар, оқытушылар, магистранттар мен докторлар өздерінің ғылыми жұмыстарын қорғайтын болады», – деді №51 мектеп-гимназиясы директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Әбдімүтәлі Баяхов.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі Әбдіжәлел Бәкір қазақ тарихында ерекше орын алатын Алаш ардақтылары, оның ішінде Мұстафа Шоқайдың тұлғалық ерекшелігі туралы баяндады.

«Біріншіден, Мұстафа Шоқай Түркістан мұхтариятын құрған адам. Бұл – оның саяси еңбегінің ең биік асуы болды. Бірақ ол 64 күн ғана өмір сүрді. Оны Кеңес өкіметі жойды. Содан соң ол шетелге кетуге мәжбүр болды. Түрлі қиыншылықтармен Францияға жетіп, онда жиырма жылдай тұрды. Мұстафа Шоқайды тану үшін оның Франциядағы қызметімен танысу керек. Оның 9 тілде жазылған 1 мыңнан астам шығармасы сол Францияда жазылса, 150 мақала халықаралық тақырыпта жазылған. Ондаған елдердің саяси қайраткерлерімен, ғалымдармен хат алмасып, артында 300-дей хат қалған. Лондонға 24-33 жылдар арасында 6-7 рет барып баяндама жасаған. Қазақта бұлай кім жасай алады? Бұл тек Мұстафа Шоқайдың қолынан келеді. Сондықтан оның қазақ тарихында ерекше орын алатыны рас. Сол себепті де тұлғаның өмірі мен шығармашылығы әлі де толық зерттеліп болды деп айта алмаймыз», – деді Әбдіжәлел Бәкір.

Бұдан басқа «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, М.Шоқай мектеп музейінің негізін қалаушы Данара Жомартова, Алаштың арда ұлының ұрпақтарының жиен шөбересі Ләззат Жұмабекова және тағы басқа ғалымдар баяндама жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1156410?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version