Бүгін Шығыс Қазақстан облысында «Жұлдызай-2026» Ұлттық инклюзивті ойындарының өңірлік іріктеу кезеңі ұйымдастырылды. Жарыс екі қысқы спорт түрінен — шаңғы жарысы мен конькимен жүгіруден өтті.
Конькимен жүгіру спорты бойынша Өскемен, Риддер қалалары мен Самар ауданынан 9 қатысушы бақ сынасты. Шаңғы жарысынан Серебрянск, Өскемен және Риддер қалаларынан барлығы 17 спортшы қатысты.
Бұл іріктеу кезеңінің мақсаты — Ұлттық инклюзивті ойындардың финалдық кезеңіне қатысу үшін ең үздік спортшыларды анықтау. Мұндай бастамалар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды спортқа тартып, өңірдің белсенді спорттық өміріне араластыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1156409?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау