Отырар аудандық мәслихат төрағасының
ШЕШІМІ
06 ақпан 2026 жыл № 39/VIII
Сегізінші шақырылымдағы
Отырар аудандық мәслихатының
кезекті отыз үшінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес:
Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясы 2026 жылғы 19 ақпан күні сағат 11:00-ге Шәуілдір ауылында шақырылсын.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов
Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі
мен аудан халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясы 2026 жылғы 19 ақпан күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылғы 19 ақпан күні сағат 10:00-де өтеді.
Сессияның қарауына енгізілетін мәселелер:
- Отырар ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі;
- Отырар аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
- Отырар аудандық орталық ауруханасы басшысының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі;
- «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Отырар аудандық филалы директорының егістіктерді қажетті ағын сумен қамтамасызетудің жай-күйі туралы хабарламасы;
- Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі;
- «Отырар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Отырар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 13/71-VII шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-otyrar/press/news/details/1156497?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау