ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Толассыз жауған қардың салдарынан Жалағаш кенті аумағында қардан тазалау жұмыстары ұйымдастырылып, қарқынды түрде жүргізілуде.
Қазіргі уақытта кент аумағындағы негізгі және ішкі көшелер, әлеуметтік нысандардың маңы, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындар кезең-кезеңімен қардан тазартылуда.
Аталған жұмыстарға арнайы техника мен тиісті жұмысшылар жұмылдырылып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау басты назарға алынған. Қар тазалау жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Осыған байланысты тұрғындарды жол жүру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, мүмкіндігінше жеке автокөліктерін жол бойында қалдырмауға және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1156498?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version